ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМЫ: АСТАНАҒА АРТЫЛҒАН СЕНІМ

Қазақстан 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етеді. Осы орайда, елдің сыртқы саясатына сүбелі еңбек етіп жүген, ИКҰ-ның тұрақты өкілі, Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлымен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Елшімен болған шағын әңгімемізді назарларыңызға ұсынамыз.

Қайрат Қайырбекұлы, Сіз қазаққа дипломат ретінде танылдыңыз. Еліміз үшін талай табысты жұмыстарды да атқардыңыз. Бала күніңізден осы дипломат болуды армандадыңыз ба?

– Шынымды айтсам, бала кезімде дипломат болу «үш ұйықтасам да, түсіме сіңірген емес». Кейін 80-ші жылдардың басында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филология факультетінің араб тілі бөліміне түсіп, 1984-85 жылдары Иордания университетінде араб тілін жетілдіру курстарында оқып жүрген кезде бар ғұмырымды араб әдебиетіне, әсіресе Ливанның белгілі жазушысы Джордж Зейданның шығармашылығына арнаймын деп армандадым. Тіпті азын-аулақ стипендияма Джордж Зейданның 22 тарихи романдарын сатып алып, Амманнан Мәскеу арқылы Алматыға сол кітаптарды арқалап та келдім. Read more of this post

Advertisements

ИКҰ-2011: ТӨРАҒАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ БЕРЕДІ?

Қазақстан 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етедi. ЕҚЫҰ-ның тiзгiнiн Литваға еншiлеп берген Қазақ елi ендi мұсылмандар әлемiнiң беделдi ұйымына төрағалық жасайды. Яғни, төрағалықтан төрағалықтың тағына отырады. Аталмыш ұйым Бiрiккен Ұлттар Ұйымынан кейiнгi орынды еншiлейдi. Кешегi Еуропалық Одақтың жайы басқа, ал Ислам әлемiне басшылық жасаудың қиындығы – бiр төбе…
Асыл тектi хандарымыздың бiрi Өзбек хан (1312-1342) исламды мемлекеттiк дiн етiп жариялап, Хақтың назарын Дештi Қыпшақ даласына түсiрген болатын. Ендi, мiне, араға сан ғасыр салып, әлемнiң назарын аударатын мiндет Н.Назарбаевтың басшылығындағы тәуелсiз Қазақ елiнiң еншiсiне тиiп отыр. Өзбек ханның жарлығынан берi қарайғы кезеңдерде, Ислам дiнi қазақтың салт-дәстүрiмен етене байланысып, ұлттық мәдениетiмен
мәндесiп, ата дiнiмiзге айналған-ды. Сондықтан да, Аллаға құл, Мұхаммедке (с.ғ.с.) үмбет болған мұсылман елдерiнiң басын қосқан ұйымға төрағалық етуге «қазақтың қақысы бар».(Ә.Бөкейханов).

Ислам әлемiнiң болашағына пайдасын тигiзетiнiне үмiт артам

Махмұд Фаһми ХИЖАЗИ,Нұр-Мүбарак Египет ислам  мәдениетi университетiнiң ректоры:
– Қазақстанның Ислам конференциясына төрағалығы дегенiмiз – Мұсылман әлемiндегi барлық мемлекеттердiң Қазақстан Республикасы мен оның Президентi Н.Назарбаевты бағалап жатқанын көрсетедi. Қазақстандағы барлық салалардың дамып өркендеп жатқанына, халықтың тұрмыс деңгейiнiң жақсарғанына және өмiр сүру сапасының көтерiлiп келе жатқанына бүкiл әлем куә болып отыр. Осының бәрi қоғамдық келiсiм, ұлтаралық татулық және мәдениеттер мен дiндер арасындағы сұхбат арқылы жүзеге асты. Сондықтан болашаққа мынадай айқын көрiнiс арқылы алға қойған мақсаттарына қол жеткiзу жолында аянбай еңбек етiп жатқан, Орта Азияның жетекшi мемлекетi Қазақ жұртын бүкiл әлем құрметтеп бағалайды. Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы профессор Акмал Ихсан Оғлы – бүкiл Ислам әлемiндегi ең iрi ойшылдарының бiрi.
Қазақстан Республикасының Ислам конференциясы ұйымына мүше елдермен ынтымақтастық орнатып, төрағалық етуi арқылы өзге де мүше мемлекеттерге пайдасын тигiзiп, жақсы басшылық көрсететiнiне айқын сенiмдемiз.
Ислам конференциясы ұйымының және оның жанындағы бiлiм, ғылым, мәдениет салалары бойынша жұмыс iстейтiн ISESCO ұйымы сонымен қатар, көбiнесе экономикалық мәселелерiмен айналысатын Ислам даму банкi сияқты арнайы органдар мен құрылымдар арқылы бiрталай шешiмдер қабылданып, бiрқатар шаралар атқарылды. Бiз Ислам конференциясы ұйымының қабылдаған шешiмдерi, сондай-ақ, саясат, экономика, бiлiм беру, мәдениет және дiнаралық сұхбат салалары бойынша жұмыс атқаратын өзге ұйымдардың қабылдаған шешiмдерi өз мақсатына жетiп, Ислам әлемiнiң болашағына өз пайдасын тигiзетiнiне үмiт артамыз. Жоғары бiлiм мен ғылымды қолдау, болашақты жоспарлау, қоршаған ортаны қорғауға, индустрияны күшейтуге және жастарды қорғауға бағытталған iрi жобаларды құру – жарқын болашаққа ұмтылған әр мемлекеттiң аса маңызды талаптарына жатады. Аталған жобалардың барлығы жоспарлауды, iске асыруды сол сияқты қаржыландыру, пiкiр қосу және жүзеге асыру мәселелерiнде мықты ынтымақтастықтың болуын қажет етедi. (Аударған Олжас Мырзаханұлы)

Read more of this post

ОРАМАЛ ТАРТУДЫ ТЫЙҒАННАН НЕ ҰТАМЫЗ?

Соңғы кездерде Қазақстанда мұсылман қыздардың оқу орындарына орамал тағып баруы үлкен дауға айналып отыр. Осыған қатысты дiнтанушы Қайрат Жолдыбайұлымен сұхбаттасқан едiк. Ендi соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.
— Қайреке, елiмiзде қыз балалардың бiлiм беру мекемелерiнде мұсылманша киiнуiне қатысты түрлi дау-дамайлар туды. Дiн маманы ретiнде бұған пiкiр бiлдiрсеңiз?
— Қыз баланың шариғат бойынша киiнуiнiң дiнiмiздегi үкiмi — парыз. Құран кәрiмнiң «Нұр» сүресiнде бұл жайлы анық айтылған: «Мүмiн әйелдерге айт, өздерiне харам етiлген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерiн зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрiнген жерлерiнен (бет, екi қол, тобықтан төмен екi аяқ) тыс әдемiлiктерiн көрсетпесiн. Орамалдарын жағаларының
ойығын жабатындай етiп тақсын…». Read more of this post

Хиджап кисең оқудан қаласың, кимесең «ақретте сұраласың»

Біраздан бері қазақ қыздарының білім мекемелеріне хиджап киіп баруы турасында пікір таластар өрби бастады. Біреулері, арабтық мәдениет деп қарсы пікір ұстанса, екіншілері бұны құба-құп көреді. Әлеуметтің арасында өзекті әңгімеге айналған осы тақырып аясында, біз азаматтарымыздың айтар ойларын оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.

Қандай себеппен екені белгісіз, «толық аты-жөнімді айтудан қорқамын» деген Алматы қалалық Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Айгерім:
«Біздің мектепке ондай шектеу қоймайтын шығар. Яссауи атамыздың атымен аталады. Менің мектепте хиджап киетін достарым бар. Олардың өзгелерден еш айырмашылғы жоқ, бәрімізбен де араласады. Оқу үлгерімдері де жақсы. Мен де Ислам дініне
сенемін, бірақ, хиджап кимеймін, ашық шашық киімдермен жүрмеймін» – дейді.

Құдайберді Бағашар, дінтанушы:

Есті қыз етегін қымтап ұстайды

Ислам дінінде тәрбие негіздері бала ес біліп, ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата бастаған жастан басталады. Он үшінде отау құрғызғанына қарағанда, қазақта да бала тәрбиесі ерте қолға алынған. «Есті қыз етегін қымтап ұстайды», «Қызға қырық үйден тыйым» деген аталы сөздер осыны қуаттайды. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде мектеп жасынан-ақ оқушылардың бұзылып, ерте жыныстық қатынасқа баруы, аборт жасатуы, темекі, сыра, арақ, есірткі секілді түрлі нашар қылықтарға әуестеніп, тіпті қылмыс жасап, жасөспірімдер колонияларын толтырып жатқаны, осындай келеңсіздіктердің салдарынан қатты депрессияға ұшырап, өз-өздеріне қол жұмсап жатқан көрсеткіш жоғары. Бұның бір ғана дәлелі, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы тұрғысынан Қазақстан әлемде 5 орында тұр. Ал мұсылман елдерінде бұндай азғындықтарға жол берілмеген. Өйткені, олар дінді қадірлейді, тәрбиені қатты қадағалайды. Құранның «Нұр» сүресінің 31-аятында ««Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен
(бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әсемдіктерін көрсетпесін. Орамалды бұғақтарын да жабатындай етіп тақсын…» деп ескертілген. Яғни, қыз бала тәрбиесінде бастарына жаулық салу оларды сырт көздің сұғынан, жат пиғылдылардың түрлі жамандықтарынан сақтайтындығы білдірілген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Әй, Әсма, балиғатқа толған қызға алақаны мен жүзінен тыс мүшелерін бөгде жанға көрсетуге болмайды» деген хадистері дінімізде балиғат жасына толған қыз балаға
белін, кіндігін, омырауын ашпау, ашық-шашық киінбеу, әурет жерлерін сырт көзден жауып жүру міндеттелетіндігін ұқтырады. «Тоғызыңда қандайсың, тоқсаныңда сондайсың» демекші, жас кезде алған тәрбие өмір бойы жалғасатынын ұмытпауымыз
керек. Осы орайда, менің жеке пікірім, мектеп қабырғасында жүріп-ақ өзін имандылыққа, адамгершілікке, ұяттылыққа баулып жүрген қыздарымыздың бұл талабын қолдап, дінді ұстануына рұқсат беруіміз керек. Бұл тұрғыда қажет болса, Білім министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бір жақты келісімге келсе, құба-құп болар еді7

Жарас Сейітнұр, Психолог:

Халифат құрайық деулері де мүмкін

Діни наным-сенімге, күтпеген жерден тыйым салып, әкімшілік жолмен қыр көрсетуге болмайды. Қоғамдық пікірмен санасуы керек. Азаматтарды психологиялық тұрғыдан даярлау қажет. Біреу бүгін мына заңды, ертең тағы біреуі басқалай бір ережені шығарса қалай болады? Кез-келген заңнамамен тәртіптік ережелерді шығарарда қоғамдық ортада талқылау өткізу керек. Әкімшілік тарабынан күш көрсету наразылыққа әкеліп соғады. Сонан кейін олар жасырын, құпия әрекеттерге баруы мүмкін. Тіптен, мемлекет мұндай мүмкіндік бермесе, халифат құрайық деулері де мүмкін. Адам психологиясында тыйым салған дүниеге қарсылық деген бар.  Адамның бойында 3 жастан бастап қырсықтық сезімі пайда бола бастайдыМенмендік деген нәрсе күшті болады. Сондықтан, әр адамның «менімен» санасуымыз керек. Діни басқарма мен білім беру мекемелері келісімге келуі керек. Мен дін жолына берілген адамдарды жақсы білем. Олар бұндай мәселеге өте сезімтал қарайды және өткір қабылдайды. Олардың уәждері де кей жағдайда орынды. Көбінде олар былай ойлайды, «менікі дұрыс, мыналардың істеп жүргендерінің бәрі шайтанның
ісі» деп, психологиялық қорғаныш сезімдері басты рөл ойнай бастайды. Онан сайын, «әлем біздерді түсінбейді, біздер таңдаулылармыз» деп бөлектене береді.

Ахатов Уәлихан Ақыпбекұлы, заңгер. ҚазҰУ-дың Заң факультеті деканының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары:

Құқықтарыңды білгенде, міндетіңді ұмытпа!

Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабына сәйкес, өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет деп санайды. Оның ең басты қазынасы адам құқықтары мен бостандықтары. Конституциямыздың екінші бөлімі адам құқықтар мен бостандығына және міндеттеріне арналған. Осындағы 30 баптың 24-і азаматтарымызға құқық береді. Ал, қалған 6 бабы орындауға тиісті міндеттеріне жатады. Осы құқықтар негізінде азаматтарымыз ар-ұждан бостандығымен қатар дінге сену еркіндігіне ие бола алады. Біздің азаматтарымыз өздерінің құқықтарын жақсы біледі, алайда, көбінесе міндеттерін ұмыт қалдырады.
Мектеп дегеніміз – мекеме, мекеменің өз ішкі тәртібі болады. Оны кез-келген азамат сыйлауы керек. Қайталап айтайын, адамдар өздерінің құқұықтарымен бостандықтарын алға тарта бермей, міндеттерін де орындауы керек. Өз құқықтарыңды білгенде, міндетіңді ұмытпа!
Енді менің ойымша, біздің халықтың көпшілігі ислам дініне сенеді. Жастар арасындағы Ислам дініне деген құштарлық арта түсті. Бұл – қуанарлық жайт. Дін адамды тәрбиеледі, шариғат бойынша әйел адамдар ұятты жерлерін жауып жүруі
керек қой. Толықтай оранып алу міндет емес, қазақы дәстүрге сай киінсе болар еді…

RS:
«Алла деген ар болмас, Хақтың жолы тар болмас» – деп толғады, күміс көмей Бұқар жырау. Жыраудың жырына сабақтастыра, «Бір Аллаға сиынып, кел балар оқылық…» – деп, тебіренді ағартушы Ы. Алтынсариын. Арысы жыраудың, берісі ағартушының айтқан ақлияты неліктен ақихатын таба алмай жүр? Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез… (Абай)

minber.kz

Тоғым Сұлтан

Брест қамалын қорғаған қаһарман

“Сарыарқа самалы” №29 (14517) 18 наурыз 2010 жылы.
Брест қамалын қорғаған қаһарман

Ерлігі ақихат, есімі аңыз – Ғаббас Жұматов
Билғы жыл, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған», бейбіт заманның туын биік көтерген, ел мен жерді фашистердің шапқыншылығынан азат еткен ұлы жеңістің алпыс бес жылдығына тура келді. Майдаға аттанған әрбір үйдің азаматы, жеңіс үшін жан аямай шайқасты. Сол соғыста Құрбан болғандардардың рухы өскелең ұрпақ жадында мәңгілікке қалды. Ал, майданнан аман-есен оралғандары  – өз қолдарымен сепкен жеңістің жемісін теріп, «Отан үшін отқа түсең де күймейсің» деген халық даналығынның ақихат екенін, аймаңдайлы ұрпаққа айықындап берді. Read more of this post

Ректор неге телерадио кешеніне кінә артып отыр?

Бүгін, қарашаның 25 жұлдызы ҚазҰУ-нің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов университеттің белсенді студенттерімен кездесті. Әр факультеттің маңдайына басар «жақсылары» жаңа ректордың алдында мәселе көтеруден тайынған жоқ. Жүйелі сұрақтар да, жүйесіз қойылған сауалдар да болып жатты. Екі жарым сағатқа созылған студент пен ректордың «сырынан» журналистика факультетіне тиселі мәселе мынау болды.

Оқу ордамыздың әуесқой әншілері ректорға, өздерінің ән жаздыру барысында дөп келетін қиындықтарын шешіп беру туралы ұсыныс тілектерін айтты. Яғни, әншілеріміз жаңа бір ән жаздыру үшін студенттің қалтасы көтере бермейтін қаржы төлеуге мәжбүр болады екен. (Арнайы дыбыс жазумен айналысатын студияларды меңзеп отыр. Ж.Ғ) Сондықтан, «біздерге дыбыс жазатын студия ашып берсеңіз» – деді сұрақ қоюшы студент қыз. Бұл сауалға өз жауабын Мұтанов мырза, «журналстика факультетіндегі телерадио компаниясы дұрыс жұмыс істеп отырған жоқ» деген пікірімен бастады. Яғни, ректорымыз орын тағына келгелі бері журфакқа арнайы бас сұқпаса да, бұрынғы ректор Б. Жұмағұловтың 40 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсап, заманауи технологиялармен жабдықтап кеткен телерадио кешеннің жайына қанық болғаны… Read more of this post

АСТАНА САММИТIНЕН НЕ КҮТЕМIЗ?

Желтоқсанның 1-2 күндерi Сарыарқа төсiндегi кiндiк қаламызда әлемнiң 56 елiне сауын айтып, кiлең серкелерiн шақырған Астана саммитi өтедi. Бұл жиын Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы турасында, ұйымның ертеңi үшiн келелi кеңес құрмақ. Сенiм, Дәстүр,
Ашықтық, Төзiмдiлiк — ең басты ұранына айналған Астана саммитiнен не күтемiз? Тарихи маңызы зор, қазақтың мемлекеттiгi сынға түсер сол сәттi, иiсi қазақ баласы тықырши күтуде. Осы орайда, қазақ билiгiнiң аталмыш ұйымға төрағалығынан ой қорытып, Астана саммитiнен саяси салмағы бар шешiм күткен саясаткерлермен жолыққан едiк. Жүздесуден жазып алған пiкiрлердi назарларыңызға ұсынып отырмы

ЕВРООДАҚҚА ТӨРАҒАЛЫҚ ҮЛКЕН МЕКТЕП БОЛДЫ

Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ, «Мысль» журналының бас редакторы:

— ЕҚЫҰ-ға төраға болардан бұрын көптеген пiкiрталас болды. Бiрақ, бұл бiз үшiн жақсы қадам едi. Бұндағы ең негiзгi мәселе — кереметтей бедел көтеруде емес — тәжiрибеде. Осы төрағалықтың арқасында, бiздiң көптеген қайраткерлерiмiз, дипломаттарымыз шетелдердi көзiмен көрiп, жұмыстарына тiкелей араласып, тәжiрибе жинақтап қайтты. Екiншi жағынан, Еуропа, әлемнiң өзге де елдерi Қазақстан туралы естiп -бiлдi. Жасыратын ештеңесi жоқ, Қазақстанды көп елдер бiлмейтiн едi. Read more of this post

Студенттер күнімен!!!

Ардақты достар, бәріңе бақыт, рыс пен табыс тілеймін. Тәп-тәтті шақтардың куәсі бола бермейік!

«Құрбан айт» қабыл болсын!

Ардақты жамағат, қасиетті «Құрбан атқа» арнап шалған құрбандарыңыз қабыл болсын. Әманда, Аллаһ Тағаланың рахматына бөлене берейік!

ОРТА АЗИЯДА ОРТАҚ САЯСАТ БАР МА?

Қазақтың көк туы көзi барға көрiне бастағалы төңiрегiне бастамашыл, жаңашыл идеяларымен танылып келе жатыр. Бiр кездерi «жабайы азиаттықтар» деп атаған Европа тiзгiнiн Қазақияның қолына бердi. Әрине, сенгенi үшiн, бiздiң жұрттың «дәулердi» сендiргенi үшiн. Қазақтың ақылға жүйрiктiгi әлемнiң кәдесiне жарады. Жарай да бермек, егер бiздiң жақын көршi, туысқан түркiлердiң тiлегi мен мұраты, ниетi мен мақсаты бiр арнаға тоғысса. Қаймана қазақ жақынын жат, досын дұшпан етiп көрмеген халық. Осындай асыл қасиетiнiң кезектi жемiсi «Орта Азия елдерi одағы   және «Түркiтiлдес елдердiң ынтымақтастық кеңесiн құру» болатын. Қолдаушылары да, құлақ қақпай қырын қарап кеткендерi де, қарсы келiп, күмән ойлап, сан-саққа жүгiрткендер де шығып жатыр…
Осы орайда, саяси бастаманың бағасын дәп басып бере алатын, «сары т
iс» саясаткерлермен жүздесiп қайтқан едiк. Орта Азия аймағына орналасқан мемлекеттердiң бүгiнгi жайынан жазып алғандарымызды Сiздерге жайып салмақпыз.
ҚАЗАҚСТАН – ҚИЯҢҚЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДIҢ ДОСЫ!
Әзiмбай ҒАЛИ:
Жалпы Орта Азия елдерi мемлекеттерiнiң жағдайы қоңырқай болып келедi. Қоңырқай деген – бұрыннан бұзып жарып, озып келе жатқан ел емес деген мағынада. Қазiргi егемендiк тұсында да пәлендей озып бара жатқан жоқ. Тұрмыстары жүдеулеу. Бiрақ, әйтеуiр ел ретiнде сақталады. Read more of this post